КЕЛЕС: АУДАННЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕС: АУДАННЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген ардақты аналар мен аяулы аруларды қабылдап, құрмет көрсетті. Әйелдер күні қарсаңында өткен дәстүрлі жиынға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала және мемлекеттік қызметтің өкілдері қатысты. Мерекелік жиында аудан басшысы әйелдер қауымының тек отбасының ұйытқысы ғана емес, мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандар екенін атап өтті.
– Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен ауданның дамуы жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Бүгінде қоғамда әйелдер отбасының ұйытқысы болып қоймай, түрлі салада табысты еңбек етіп жүр. Десе де, олардың бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігі ешқашан төмендеген емес. Себебі тәрбиелі, білімді ұрпақ – мықты мемлекеттің кепілі. Жүректеріңіз әрдайым көктемдей жайнап, өмірлеріңіз шуақты сәттерге толы болсын, – деді аудан әкімі.
Шара барысында ауданның әртүрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді. Мереке аясында әндер шырқалып, аналарға арналған жылы тілектер айтылды. Қатысушылар кеш соңында естелік суретке түсіп, бір-біріне жүрекжарды тілектерін жеткізді. Салтанатты жиында бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу сынды өзге де тақырыптар сөз болды.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981517?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version