
Ағымдағы жылғы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы, мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жүргізілген аудиторлық және сараптау-талдамалық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметімен кеңінен ашық таныстыру.
Тексеру комиссиясы қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері туралы Тексеру комиссиясының төрағасы Дархан Амангелдіұлы баяндап берді.
Одан кейін Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Болатбекұлы Қасенов Комиссияның 2024 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері мен 2024 жылдың 2-тоқсанында Зайсан ауданында жүргізілген «Мемлекет активтерін пайдалануға, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен атқаруға, сондай-ақ Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің экономиканы, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларын дамыту ықпалына мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындаларына тоқталды.
Аудит объектілеріне аудиттің жүргізілу тәртібін түсіндіру мақсатында ШҚО бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің басшысы Сәуле Ахметқалиқызы Мұхамәдиева «Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру» туралы баяндады.
Кездесу соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Бұл кездесу алдын алу шаралары тұрғысынан пайдалы болып табылады және алдағы уақытта қаржы тәртібін жақсартуға және аудит объектілеріндегі бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomvko/press/news/details/982773?lang=kk
Добавить комментарий