Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі А.Сабитов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №23-169/VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева хабарлама жасап, аудан бюджетінің салаларға бағытталуы жөнінде түсіндірме берді.
Ал, Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы №12-98/VIII «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселемен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Сарыбековтың ақпараты тыңдалды.
Сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер салалығына қарай тұрақты комиссия отырысының және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын-ала қаралған.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/981392?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ