ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Өтініштер 2025 жылдың 25 маусымына дейін «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Садуақасова оқу бағдарламалары мен қажетті құжаттар жөнінде ақпарат берді.

«Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы – магистратура, 3-і – докторантура бағдарламалары. Биыл магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінді. 2025 жылғы қабылдау науқанының басты жаңалықтары мен өзгерістері: «Цифрлық мемлекеттік басқару» жаңа бағдарламасы іске қосылды, мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар артты және білім беру бағдарламаларына ерекше талаптар енгізілді» – деді спикер.

Кәсіби және жеке дамуға мүмкіндік беретін академиялық ортаның мүшесі болуға үміткерлер білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан ала алады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/981682?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *