Токашу Бердиярову 100 лет Уважаемый читатель, ознакомьтесь с творчеством Токаша Бердиярова!
ӨМІР ҚЫЗЫҚ
Қосағымен көгерер,
Сонда айталық, кім жалғыз?
Нұрын шашқан әлемге,
Көк аспанда Күн жалғыз.
Үйір–үйір жұлдыздар…
Бұл пәниде кім жалғыз?
Ай сұлуды күзеткен–
Мақпал қара Түн жалғыз.
Жаратыпты тәңірім
Күн мен.Түнді жалғыз ғып.
Адамзатқа әманда,
Жарасымсыз жалғыздық.
Сақал қаулап өседі
Тисе ұстара қылшыққа.
Қосағымен көгерер
Шынашақтай шымшық та.
Өмір деген өр екен,
Арман деген шың екен.
Дүниеге қонақпыз…
Осы бір сөз шын екен.
Қайғы деген шөл екен,
Бақыт деген шың екен.
Сол бақытты бөрікпен–
Соғып алған кім екен?!
Өміріңнің бастауы–
Асқан қырың ең алғаш.
Жалғыз тырна сына боп,
Кеңістікке ене алмас.
Жақсылығы шопанның–
Қой төлдесе кіл егіз.
Қаптың түбі қағылса,
Нан қадірін білеміз.
Су қадірін білеміз,
Көзі бітсе бұлақтың.
Махаббатсыз ләззаттың–
Рахаты бір–ақ түн.
Түнгі ұйқыны төрт бөліп,
Таң қадірін білеміз.
Әзірейіл қақса есік,
Жан қадірін білеміз.
Мамыражай жататын–
Өмір жылы қын емес,
Жабырқау мен шаттықтың
Ауылдары іргелес.
Өз гүліңе қонғайсың,
Өмір қызық, ай, мына!..
Безінсең де досыңнан,
Арманыңнан айныма!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/983716?lang=ru
Добавить комментарий Отменить ответ