Бүгін, 26 сәуір «Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығында» дзюдо күресіне «Жас батыр кубогы» арналған XІ республикалық турнирі басталды. Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Қанат Мангубаев құттықтауын жеткізді.
-Өңірімізде 2009-2010 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы «Жас батыр кубогы» XІ ашық республикалық турнирі ұйымдастырылып жатыр. Бәсекеге еліміздің 10 облысынан 400-ге жуық жас балуан қатысуда. Жарысқа қатысып жатқан жасөспірімдерге жеңіс тілеймін, болашақ Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар бүгін күресіп жатыр деген сенімдемін,- деді Қанат Мангубаев.
Турнир қорытындысы бойынша 1, 2, 3,- орын иегерлеріне «ҚР спорт шеберіне үміткер» атағы беріледі.
Айта кетейік, бәсекелі толы додаға Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Қанат Мангубаев, AMANAT партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова, «МО көркем гимнастика федерациясының» президенті Аида Садатқызы, МО қоян-қолтық ұрыс федерациясының вице президенті Арсен Гаджимагомедлв және ҚР ARASHI MMA федерациясының президенті Бекет Абдуллаев құрметті қонақ ретінде қатысты.
Спорт жанашырларын «Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығында» турнирді тамашалап, жас палуандарға жанкүйер болуға шақырамыз.
Жарысты көру тегін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/984493?lang=ru
Добавить комментарий Отменить ответ