Ақтөбе облысында мамыр мерекелері кең көлемде атап өтіледі

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Биыл 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келеді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше бұл күні өңірде 50-ден астам мәдени іс-шара өткізу жоспарлануда. Негізгі мерекелік іс-шара «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алдындағы алаңда өтеді.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында 6 мамыр күні Өнер орталығында «Ер еліне қорған!» мерекелік шара өткізіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін Мәдениет үйлерінің алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

7, 8, 9 мамырда Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия» мюзиклінің премьерасы сахналанады.

Жеңіс күні 9 мамырда Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне, Даңқ обелискісіне және өңірдің басқа да ескерткіш орындарына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сол күні кешке «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алаңында «Жеңіс жалыны – жүректе» концерті өтеді. Сондай-ақ, концерттік бағдарламалар Даңқ обелискінің алаңында, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешенінде, Орталық стадион, «Авиатор» алаңы, Сазды мәдениет үйі алаңы, Есет батыр, Қурайлы, Нокин тұрғын алаптарында концерттік бағдарламалар жоспарланып отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/984771?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *