«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты іс-шара өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері арасында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен әдеби мұрасын дәріптеу, шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, қызметкерлердің қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен әдеби-сазды сайысқа Департаменттің 15 қызметкері қатысты.

Әр қызметкер Ұлы ақынның бір шығармасын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әр қатысушының киім үлгісіне, ұсынған материалына, мәнерлеп оқуына, сахнада өзін ұстауына назар аударып, әділ баға берді.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды № 14-ӨСБ кіші инспекторы Сұлтанбек Мөлдір, ІІ орынды МӨББ аға инженері Полатов Ербағлан, ІІІ орынды № 17-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Ернар Жандос иеленді.

Бұдан басқа, сайыс қатысушыларына «Көрермен көзайымы», «Өлең – сөздің патшасы», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Жеңіске деген жігері үшін» және тағы да басқа номинациялар мен сыйлықтар табысталды.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/983341?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *