
Ағымдағы жылдың 25сәуір күні, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен, білім беру ұйымдары арасында экологиялық жобаларды белсендіру мақсатында «Үздік Экомектеп және Экобалабақша» облыстық байқауы өткізілді.
🏆 Байқауға 12 аудан мен Орал қаласының Экомектептері мен Экобалабақшалары қатысты. Байқау 8 номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтап, экологиялық бағыттағы жобаларды дамытуға жаңа серпін берді.
🌱 Байқау нәтижесінде:
– Орал қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебі
– №48 «Мұрагер» бөбекжайы
– №16 негізгі орта мектебі
– №22 «Жұмбақтас» бөбекжайы МКҚК
– Теректі ауданы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
– Казталов ауданы С.Есетов атындағы мектеп-балабақша кешені
– Қаратөбе ауданы «Шұғыла» бөбекжайы
– Шыңғырлау ауданы «Бөбек» бөбекжайы
🌿 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Экологиялық білім мен тәжірибені дамыту жолында үздік жұмыстардың үлгісі болары анық.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/984776?lang=kk
Добавить комментарий