Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергер-тексеру департаментінің мамандары қазақ-қытай бірлескен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесіп, қаржылық сауаттылық бойынша дәріс өткізді.
Қаржылық сауаттылықты дамыту компанияның стратегиялық міндеттерінің бірі деп санайтын мұнайшылар ұжымына «дроп» ұғымы, қаржылық пирамида, ақпараттық гигиена туралы ақпараттар берілді.
Кездесу соңында қара алтын өндіруші компанияның қатысушылары департамент мамандарына өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/984595?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ