Жастар арасында бүгінде қаржылық қылмыстардың құрбаны немесе қатысушылары көптеп кездесуде. Осы орайда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті студенттермен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Дәл осындай кездесу М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде өткізілді. Департаменттің жедел уәкіл маманы студент жастарға «дроп» ұғымы, интернет алаяқтардың әрекеттері, ақпараттық гигиена туралы дәріс оқыды.
Жиын барысында студенттер бұл қылмыстарды алдын алу бойынша өз сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/984607?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ