ЖАҚЫНДА АШЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ БОЙЫНША ТУРФИРМАЛАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шымкент қаласының туристік операторлары мен агенттіктерінің қатысуымен жаңадан ашылатын тікелей халықаралық әуе рейстері мен туристік маршруттар бойынша арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — туристік нарық өкілдерін алдағы уақытта іске қосылатын халықаралық әуе қатынастары туралы хабардар етіп, жаңа бағыттар арқылы туризмнің әлеуетін арттыру, сонымен қатар, шетелдік туристерді тарту бойынша бірлескен іс-шараларды талқылау болды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент қаласынан 7 халықаралық бағытта тікелей рейстерді іске қоспақ. Бұл бағыттардың қатарына туристер арасында танымал және экономикалық маңызы бар елдімекендер кіреді.

• 2025 жылғы 27 мамырдан бастап– Шымкент-Будапешт, Шымкент-Мюнхен
• 2025 жылғы 28 мамырдан бастап– Шымкент-Сиань
• 2025 жылғы 29 мамырдан бастап – Шымкент-Каир, Шымкент-Сеул,
Шымкент-Шанхай
• 2025 жылғы 30 мамырдан бастап – Шымкент-Үрімші

Сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасының ұлттық әуе тасымалдаушысы — AZAL (Azerbaijan Airlines) әуе компаниясы 29 маусымнан бастап Шымкент – Баку бағытында тұрақты тікелей рейсін іске қоспақ.
Бұл рейстің іске қосылуы екіжақты туризмді дамытып, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етпек.

Бұдан бөлек кездесу барысында туристік операторлар мен агенттіктерге жаңа маршруттар бойынша ақпараттық материалдар ұсынылып, серіктестік орнатуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/984272?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *