
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа – 80 түп ағаш» экологиялық акциясына бастама бердік. Елордамыздағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды. Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысады. Бұл — Отан қорғаушыларына көрсетілген құрмет пен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау жолындағы үлес. Әр азамат жасыл желектерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді — бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы. Әрбір ағаш — бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы. #ТазаҚазақстан #ҰлыЖеңіс80жыл #АдалАзамат #ТабиғаттыҚорғау#ЭкологиялықМәдениет
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/press/news/details/985344?lang=kk
Добавить комментарий