Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков, Е.Ділдәбек, С.Дүкенбаев, И.Осипова және т.б. депутаттық корпус өкілдері, мәслихат аппаратының қызметкерлері #ТазаҚазақстан экологиялық акциясы аясында қаламызда өтіп жатқан сенбілікке қатысты.
Сенбілік аясында 250 бұталы жеміс ағаштары мен 150 түп қарағай, қайың көшеттері егілді. Бұл қала әкімдігінің, бизнестің және азаматтық қоғамның таза қаланы құру, көгалдандыру жолындағы күш-жігерін біріктіретін ауқымды экологиялық шара.
Ағаш егу жұмыстары аумақты тазалау шарасына ұласты. Депутаттар Қарқаралы тас жолының бойында және өзге де аумақтарда тазалық жұмыстарына қатысты.
#Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі.
Қосшы – біздің ортақ үйіміз. Қаламызды таза ұстайық.
#TazaChallenge
#ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan
#ҚОСШЫТАЗАҚАЛА
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/984420?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ