“ШЖМ: МАҚСАТ. ІС-ӘРЕКЕТ. НӘТИЖЕ” АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Амангелді НОМ базасында ШЖМ арналған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында тірек мектебі мен бекітілген мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, шағын жинақты мектептерде жекеленген пәндерге сапалы білім беруді қамтамасыз ету ✨, оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру жолдарын айқындау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және бірлескен іс-әрекет арқылы оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында семинар-практикумы оздырылды.
Семинардың ашық сабақтар галереясы бөлімінде Шыңғырлау жалпы орта білім беретін тірек мектебінің онлайн педагогтері Амангелді бекітілген мектебінің оқушыларына математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндері бойынша оффлайн форматта зертханалық және практикалық сабақтар өткізді 🔬📘. Бұл танымды шара оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін нақты тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік берді 📈.
«Тиімді әрекет – сапалы нәтиже» тәжірибе алмасу алаңы барысында онлайн педагогтер мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған «Танысу және ынтымақтастық» тренингі өткізілді 🤝. Бұл тренингтен кейін тірек және бекітілген мектептердің педагогтері «Табысты сабақ» тақырыбында өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы жаңа әдістемелер мен тәжірибелермен бөлісті 💡. Амангелді мектебінің педагогтері «Әдістемелік өнімдер», «Ұлттық құндылық – тәрбиенің бастауы» және «Әдістемелік жоба-іс тәжірибе алаңы» тақырыптарында бір-бірімен кәсіби тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтты 🇰🇿.
Семинар-практикум барысында педагогтер білім берудегі жаңашыл әдістерді енгізудің маңыздылығын талқылап, өзара тәжірибе бөлісіп, кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашты 🚀. Семинардың соңында ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақ-жауап сессиясында белсенді түрде пікір алмасып, ұсыныстар мен кері байланыстар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/985449?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *