ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ БОЛҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркия елінің Анталия қаласында 19 елден 500 команда қатысқан “Fibonacci Robot Olympiad Turkey” халықаралық чемпионатында Шардара ауданының оқушылары бақ сынап, қос бірдей командасы жүлделі III-орынды жеңіп алды!
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев халықаралық жарыста ауданымыздың абыройын асқақтатып, ғылыми тұрғыда оң нәтиже көрсеткен жас ғалымдар мен мұғалімдерін жеке қабылдады.
Аудан басшысы Шардара ауданы Әлемге спортпен ғана емес, ғылым жағынан да танылып келе жатқанын айтып, Түркия елінде жүлдегер болған жас ғалымдар мен жетекшілеріне Алғыс хат пен сый-сияпаттар тапсырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Италия елінде өтетін Әлемдік чемпионатқа сәттілік тілеп, жеңімпаз болуларына сенім білдірді.
Тарқатып айтсақ, аталған жарыста ауданымыздағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің “NurShar” командасы “3 kg LEGO SUMO” (9–12 сынып) категориясы бойынша жас роботшыларымыз Абдырхан Қайсар мен Атабай Бақдәулет және №1 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің “Shardara Auezov” командасы “Инновациялық жоба” (кіші топ) категория бойынша жас дарындыларымыз Құттыбек Ақтілек пен Бөгенбай Бибінұр, сондай-ақ, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп интернаттан «Avtonomny car» және «minisumо» санатына қатысып Ережеп Уалихан және Адилбекұлы Берікболсын III-орынды иеленді. Төрт команда да ағымдағы жылдың қараша айында Италия елінің Рим қаласында өтетін Әлемдік чемпионатқа жолдама жеңіп алды.
Қазақстанның абыройын асырып, ғылым мен робототехникада биіктерді бағындырар жас дарындарымызға сәттілік пен шабыт тілейміз!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/984074?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version