ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өкімімен
Бауыржан Шомпиев Қуанышбайұлы Шардара аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Арман Романұлы аппарат басшысын ресми тағайындау рәсіміне қатысып, аудан үшін жемісті еңбек ететіндігіне сенім білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, Шомпиев Бауыржан Куанышбайұлы 1965 жылы 7 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1987 жылы Шардара қаласы Шебер, ЖМК-28 «Монтажспецстрой» трестінде бастап, «Бастау» шағын кәсіпорынында жабдықтаушы, «Шапағат» жалгерлік кәсіпорынында прораб, 1993 жылы Шардара қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ісі және қоғамдық ұйымдармен жұмыс бойынша аудандық әкімшілігінде аға маман, Шардара ауданының жастар ісі, туризм және спорт комитетінде төраға, басқарма басшысы, бөлімнің меңгерушісі, Шардара ауданы әкімі аппараты әлеуметтік реформалардың мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Шардара ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімі меңгерушісі,2013-2017 жылдар Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы және өзге де лауазымды қызметтерді істеп, 2024 жылы «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды.Бауыржан Шомпиев 2017 жылдан бері Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметін және 2025 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/984063?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version