
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте әрбір саладағы жұмыстар жеке-жеке сараланып, пысықталды.
Тарқатып айтқанда: туристік аймақтың инфрақұрылымы, Келес-Шардара тас жолын жөндеу, газ, инвестициялық жобалардың құрылысы, ауыз су, қоқыс палигондарын ретке келтіру, көгалданлыру аймақтарын суғару, шегіртке және шіркеймен күрес барысы, ағын су каналдары, жер мәселесі, «Шебер» тігін цехының жұмысы, көпқабатты тұрғын үйлерді газға қосу, спорт-ойын алаңшалары және әр ауылдардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелерді жеке-жеке ауыл әкімдерінен сұрап жоспарлар пысықталды.
Арман Романұлы әрбір саладағы негізгі кемшіліктерге тоқталып, жұмысқа салғырттық танытқан сала басшыларына қатаң ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/984058?lang=kk
Добавить комментарий