
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату мақсатында 2025 жылдың 04 сәуір күні «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың сырттай кезеңінде қатысушының белсенді сілтемесі арқылы Е – портфолиосының талапқа сәйкестігі, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі педагогтің рөлі» тақырыбында жазған эсселері тексеріліп, офлайн форматта ұсынылған алаң базасында кіріктірілген ұйымдастырлған іс-әрекет өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша орындар мен аталымдар:

І орын – Н.А.Акбулатова «Бөбек» бөбекжайы» МКҚК;
ІІ орын – А.А. Садыкова «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК;
ІІІ орын – Ж.О. Мералиева «Арай» бөбекжайы» МКҚК;
«Өнерлі педагог» – Д.С. Кужанова «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК;
«Шебер педагог» – Э.З.Измуханова «Алмаз мектеп-бөбекжай- балабақша кешені» КММ;
«Креатив педагог» – Г.С.Лесова «Ардақ «мектеп бөбекжай – балабақша кешені» КММ;
«Үздік Е-портфолио» – А.Б.Тасимова «Балауса» бөбекжайы» МКҚК;
«Жаңашыл педагог» – О.А.Бексейтова «Қарлығаш» бөбекжайы» МКҚК
«Үздік ұйымдастырылған іс-әрекет» – Г.С.Мукиева «Қызғалдақ» бөбекжайы» МКҚК.



Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/985394?lang=kk
Добавить комментарий