КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА БЕСІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА БЕСІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті.
Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Отырар ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне» 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 23/132-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданының мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/126-VIІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сессия отырысында күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты туындаған сауалдарға тиісті мекеме басшылары жауап беріп отырды.
Сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер аудандық бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/983892?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *