
Ақтөбе қаласы әкімі орынбасарының бекітілген кестесіне сәйкес, Департамент қызметкерлері әр сенбі күндері қала көшелерінде, саябақтарда тазалық жұмыстарымен айналысуда.
Сонымен қатар, Департамент аймағында да тазалық жұмыстарын жүргізу орын алуда.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті болып саналады.
Тазалықты жанына серік еткен ұжым қызметкерлері сенбілікте ерекше белсенділік танытып, бір адамдай қатысуда.
Сенбілікке үлес қосқан әрбір қызметкерге алғыс білдіреміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/983752?lang=kk
Добавить комментарий