Бүгін ауданда Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 39 жыл толуына орай, ерлікке тағзым ету және ардагерлерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат депутаты Белес Рысбаев және Чернобыль ардагерлері қатысты.
Салтанатты рәсім ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталып, апат құрбандарына құран бағыштаумен жалғасты.
Жиын барысында сөз алған Белес Рысбаев – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттың салдарын жоюға атсалысқан жерлестеріміздің ерлігі мен жанқиярлығын ерекше атап өтіп, өз өмірін қатерге тіге жүріп, ел амандығы үшін күрескен азаматтарға мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға қатысқан бірқатар ардагерлерге аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарын табыс етті.
Шара аясында ардагерлер қаза тапқан қаруластарын үнсіз еске алып, өткен күннің ауыр естеліктерімен бөлісті. Олар жастарды бейбіт күннің қадірін біліп, ел тыныштығын сақтау жолында жауапкершілікпен өмір сүруге шақырды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/983883?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ