«БІЗ-БОЛАШАҚ САРБАЗБЫЗ»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жеңістің 80 жылдығына орай Халық қаҺарманы, полиция капитаны – Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған 2024 – 2025 оқу жылындағы білім алушылардың арасында «БІЗ-БОЛАШАҚ САРБАЗБЫЗ» атты аудандық әскери-патриоттық сайысы өтті.
Шараның негізгі мақсат жастарға патриоттық тәрбие бере отырып салауатты өмір салтын насихаттау, әскери тәртіпке үйрету, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.
Сайысқа Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры – Ажимбеков Хиса Жексенұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы – Алтынбаева Айгерім Аханқызы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры – Жұманазаров Нұрбек Рысбекұлы, Меркі ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық аурухана қызметкерлері және ауданнан барлығы 15 командадан құралған 150-ден астам оқушы қатысты.
Аудандық әскери-патриоттық сайыстың қорытынды бойынша Саптық тұрыс, Жас насихатшылар, Велосипедші, Реттеуші, Жас санитар, Үгіт-насихат топтары номинациялары бойынша бақ сынасып, І орын – №44 ЖОББМГ-не, ІІ орынды – №6 ЖОББМ-і жеңіп алды, ал үздік үштікті №48 ЖОББМ-і тұрақтады. Сондай – ақ, «ҮЗДІК ЖАС ВЕЛОСИПЕДШІ» номинациясымен – Өзбек Арсен және Шаншарбек Бибігүл, «ҮЗДІК ЖАС ҮГІТ-НАСИХАТТАУШЫ ЖАСАҚ» номинациясымен – Мұхтар Әуезов атындағы №9 мектеп -лицейі, «ҮЗДІК ЖАС РЕТТЕУШІ» номинациясымен – Халмурзаев Анвар, «ҮЗДІК ЖАС МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР» номинациясымен – Исманова Камила және Темірхан Аяна, «ҮЗДІК ЖАС КОМАНДИР» номинациясымен – Жорабек Әбілмансұр марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/985261?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *