«Біртұтас тәрбие» – тәрбиенің тұғырлы тірегі

Опубликовано:

Автор:

в категории
🔹Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілген болатын.
🔹Бағдарламаның мақсаты қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
🔹Осы мақсатта ауданымыздың мектеп директорлары, бөбекжай меңгерушілері және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары өз мекемелерінде атқарылып жатқан тәрбиелік шаралармен таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
📚“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы – келешек ұрпақтың үйлесімді дамуына бағытталған маңызды бастама. Біз бірлесе әрекет етіп, жас буынды елжанды, ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуге үлес қосамыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/985428?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *