АУДАНДА ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы индустриалды аймақта болып, инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Белгіленген аймақты кеңейту, дамыту жолдарын қарастырып, мамандармен, кәсіпкерлермен кеңесті.
Аудан басшысы аралау барысында жауапты сала басшыларына индустриалды аймақты одан әрі кеңейтіп, кәсіпорындар ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Аудандағы индустриалды аймаққа 2025-2027 жылдар аралығында жергілікті және өзге де инвесторларды тарта отырып, өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық тауарларын қайта өңдеу салаларын қамту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп саласы бойынша 2 инвестициялық жоба қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, жалпы құны 780,0 млн. теңге болатын күріш өңдеу зауытының жобасы. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 50 тонна. Жоба аясында 10 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Ал, екінші жоба – мақтаны терең өңдеу жобасы. Жоба құны 4,1 млрд. теңгені құрайды. Қуаттылығы күніне 120 тонна. Жоба іске асқан жағдайда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Аталған жобаларды іске асыра отырып, ауданда өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Индустриалды аймақ тоғыз жолдың торабы Шәуілдір және Темір ауылдарының маңында орналасқан. Яғни, темір жол тұйығы, электр желісі, жол, су және кәріз жүйелері секілді қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар өзінің тікелей бақылауында болатынын айтқан аудан әкімі жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/985175?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ