АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің 15 жылдық мерейтойына орай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаровты арнайы төсбелгімен марапаттады.
Марапат елдің қорғаны болған ардагерлерге және олардың қоғамдық ұйымдарына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан төрағаның еңбегіне көрсетілген зор алғыс пен құрметтің белгісі болды.
Өз кезегінде Нұрлан Қойбағаров ардагерлерге жүрекжарды алғысын білдіріп, ауданымыздағы ардагерлер ұйымдарының бастамаларын әрдайым қолдауға дайын екенін жеткізді. Ардагерлермен бірлесе жұмыс істеу – ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосылатын үлкен үлес екенін атап өтті.
«Застава тарландары» – 2010 жылы құрылған, шекара қызметіне қолдау көрсетіп, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған белсенді ардагерлер бірлестігі.
Ардагерлерге құрмет – елге деген құрмет!
Олардың өнегелі жолы жас ұрпаққа бағыт-бағдар, ал елге қызмет еткен ерлерге көрсетілген қошемет – елдік рухтың көрінісі.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/983851?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *