Абай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.
Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.
Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 млн теңгеден асты.
Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 млн теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 млн теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
В области Абай пресечена незаконная добыча песка
Департаментом АФМ по области Абай окончено расследование в отношении двух предпринимателей, которые с сентября 2023 года по октябрь 2024 года на территории г.Семей занимались без соответствующей лицензии самовольной добычей песка и его реализацией.
В результате подозреваемыми незаконно добыто более 68 тыс тонн песка, государству причинен ущерб на сумму 272 млн тенге.
В дальнейшем реализация песка в адрес заводов-производителей строительных материалов осуществлялась через ИП с использованием поддельных сертификатов соответствия.
Преступный доход от реализации составил более 150 млн тенге.
Часть из этих денежных средств подозреваемые направили на приобретение фронтального погрузчика и извлекли дополнительный доход в размере 6,2 млн тенге.
С санкции суда в целях конфискации наложен арест на имущество подозреваемых на сумму более 181 млн тенге.
В числе активов 11 автомашин, 2 квартиры, земельный участок, а также дебиторская задолженность на сумму 17 млн тенге.
Дело направлено прокурору для утверждения обвинительного акта
Анонимность гарантируется
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/985079?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ