🔰Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет пен кірісті жылыстату схемасы әшкереленді 🔰В Костанае выявлена схема незаконной микрофинансовой деятельности и отмывания доходов

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Қостанайда заңсыз микрокаржылық қызмет пен кірісті жылыстату схемасы әшкереленді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіуде.

Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен «OLX» пен «Instagram» мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.

Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.

Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астам қаражатты қарызға берген.

Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.

Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен.

Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.

Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған.

Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 миллион теңгеден астам кірісті заңдастырған.

Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 миллион теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

 

 

 

В Костанае выявлена схема незаконной микрофинансовой деятельности и отмывания доходов

 

Департаментом АФМ по Костанайской области проводится досудебное расследование по факту осуществления незаконной микрофинансовой деятельности.

Подозреваемый в период с 2020 года, не имея соответствующей лицензии, предоставлял займы под проценты и залог на имущество через мобильные приложения «OLX» и «Instagram».

Для придания сделке вида стандартного займа при заключении договора он указывал суммы, значительно превышающие фактические, поскольку в нее включались заранее начисленные вознаграждения до 100% годовых.

Сумма средств, выданных в долг, составила свыше 100 млн тенге.

Следует отметить, что в результате его незаконной деятельности были нарушены права и интересы простых граждан, ставших жертвами заведомо кабальных условий займа.

В поисках быстрой финансовой помощи они оказались в ловушке — с высокими процентами и риском потери имущества.

С целью сокрытия источника незаконного дохода подозреваемый привлёк знакомого бухгалтера. Совместно они разработали схему отмывания, согласно которой доходы отображались в налоговой декларации как поступления от деятельности предприятия по ремонту автомобилей.

Для этого он зарегистрировался в качестве ИП и регулярно выставлял фискальные чеки как выручку от оказания услуг, при этом фактически СТО не функционировало.

В результате подозреваемый легализовал преступные доходы от незаконной деятельности в размере более 60,6 млн тенге.

В целях конфискации с санкции суда наложен арест на его квартиру и денежные средства на счетах в сумме 28 млн тенге.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/983840?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version