Қаратал ауылындағы тұрақты комиссиялардыңкөшпелі отырысы

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округтің әкімі Адилбек Избасовтың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин, аудандық мәслихат депутаттары Назгүл Ешпанова мен Өркен Ақеділов қатысты.
Тұрғындардың тарапынан көтерілген көкейтесті мәселелері, барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң, “Amanat” партиясынан сайланған депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Сонымен қатар ауыл шетіндегі қоқыс полигоны мен мал моласының қазіргі жәй-күйіне депутаттық бақылау жүргізіліп, ауылішілік абаттандыру жұмыстарының барысы қаралды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/985073?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *