Қаратал ауылындағы тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысы

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Құмжарған ауылында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округ әкімі А.Избасовтың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин, аудандық мәслихат депутаты Айболат Оралов қатысты.
Тұрғындардың тарапынан мал бағу, ауыл жолын қатқылдандыру, ауылды газдандыру мәселелері көтерілді. Барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысып, ауыл шетіндегі қоқыс полигонының, мал моласының, мал қамайтын орынның (раскул), шағын футбол алаңының қазіргі жәй-күйіне депутаттық бақылау жүргізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/985065?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *