Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров және Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.

Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл мектептің іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Жергілікті ақсақалдың батасынан кейін қатысушылар болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды.

Айта кетейік, бұған дейін ауылда 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген болатын.
Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдайды.

Бүгінге мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге – ақшалай қаражат, 103 млрд теңге – мүлік.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді. Аталған жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады және өмір сүру үшін

қолайлы жағдайларға тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымды ілгерілетуге серпін беруге арналған.«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру «Заң мен Тәртіп» қағидатын тиімді қамтамасыз етумен өзара үйлесетінін атап өту қажет.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
_____

Возвращенные активы работают на благо народа

Состоялась торжественная церемония закладки капсулы времени в рамках начала строительства новой музыкальной школы искусств в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской области.

В мероприятии приняли участие аким и прокурор области, представитель Генеральной прокуратуры, местные старейшины и почетные жители села.

Строительство данной школы является одним из первых социальных проектов, одобренных Правительством в рамках поручений Главы государства об эффективном использовании возвращенного капитала на благо народа.

Участники поздравили местных жителей с началом строительства и выразили уверенность, что новая школа даст им возможность на деле ощутить пользу от проводимой государством работы по возврату активов. После слов напутствия и пожеланий местного старейшины участники в торжественной обстановке заложили капсулу времени для будущих поколений.

Отметим, что ранее в селе функционировала музыкальная школа, построенная в 1974 году, которая находилась в аварийном состоянии и не подлежала ремонту.

Новая школа стоимостью 890 млн тенге будет рассчитана на 300 ученических мест и позволит принимать учеников из соседних сел.
Всего на сегодня в пользу государства возращены активы на сумму порядка 610 млрд тенге, из которых 506 млрд тенге – денежные средства, 103 млрд тенге – имущество.

По поручению Главы государства Правительством из Специального государственного фонда выделены средства для реализации 280 социальных объектов в сферах образования, здравоохранения, спорта, а также для модернизации коммунальной инфраструктуры.

Все проекты являются частью комплексного подхода к развитию населенных пунктов и призваны дать мощный импульс развитию ключевой инфраструктуры, от которой напрямую зависят комфортные условия для проживания. Следует подчеркнуть, что реализация целей и задач Закона

«О возврате государству незаконно приобретенных активов» соответствует эффективному обеспечению принципа «Закон и Порядок». Работа в данном направлении продолжается

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/985157?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version