МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

22-23 сәуір күндері аудандық мәслихат депутаттары Тереңөзек кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мұратбаев көшелерінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының, Қалжан ахун ауылында жүргізіліп жатқан электр жабдықтау құрылысы, Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу және Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарын газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Депутаттар жаяу жүргіншілер жолы құрылысын салып жатқан «Шиелі жолшы» ЖШС-нің директоры О.Абдуллаевпен және сол мекеменің жұмысшыларымен кездесті.

«Шиелі жолшы» ЖШС-нің директоры О.Абдуллаев:

  • Келісім шарт құны 359,1 млн теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің орталық көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын 2024 жылы бастап, биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 130,0 млн теңгесі игеріліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Д.Қонаев, Жеңістің 50 жылдығы, Р.Алшынбаев, Ж.Құттыбаев, Қазақ көшелерін бітірдік. Ендігі кезекте Ә.Тәжібаев, Ғ.Мұратбаев және О.Әбілпаттаев көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын аяқтау.

Мердігер мекеме басшысымен кездесу барысында депутаттар тарапынан 2024 жылы жасалған жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар айтылып, алдағы жасалатын жұмыстар кезінде осындай қателіктерді болдырмау тапсырылды.

Мұнан соң депутаттар Қалжан ахун ауылындағы электр жабдықтау құрылысы жұмыстарымен танысты. Электр жабдықтау құрылысы жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме өкілі «Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ Сырдария аудандық электр торабы басшысының міндетін атқарушы С.Бегманов атқарған жұмыстары жайлы депутаттарға мәлімет берді.

С.Бегмановтың айтуынша:

 – Жалпы құны 490,5 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 119 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 26 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 4 дана және ВЛ-10/0,4 кВ–2,3 шақырым электр желісі орнатылған. 2025 жылға республикалық бюджеттен 280,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 142 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 32 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 1 дана орнатылып, жері тегістеліп бетон блоктары бар 3 дана КТПН қойылған. Қазіргі таңда бөлінген қаржы толық игеріліп, қалған қаржы күтілуде. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.

Келесі күні депутаттар Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу және Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарын газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Шаған ауылындағы жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын, 30 орындық дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты «РЕАЛСТРОЙСНАБ» ЖШС-нің өкілі Ж.Жарасбаев және аудандық аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Сүлейменов жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша депутаттарды таныстырды.

Наурыз айында басталған жоба құны 328 млн болатын амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында бітіріп, пайдалануға берілу жоспарлануда.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Сүлейменов:

  • Жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары, тапсырыс беруші аудандық аурухана басшылығының ұдайы назарында. Авторлық және техникалық қадағалаушылармен жұмыс сапасының талапқа сай жүргізілуі қадағаланып, айтылған ескертпелер қалыпқа келтіріліп отыр.

Мұнан соң депутаттар Шаған ауылындағы газдандыру жұмысымен танысып, мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі Р.Мақсым және жұмысшылармен кездесті.

         Мекеме өкілі Руслан Қамсұлтанұлының айтуынша:

  • Қазіргі таңда жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарының деңгейі 60 пайызға орындалып отыр. Жұмыстар 2024 жылы басталып, жалпы ұзындығы 66,4 шақырымды құрайтын газ құбырының бүгінгі күні 44,2 шақырымы аяқталды. Газдандыру жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 

Мұнан соң депутаттар Нағи Ілиясов ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты.

Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары да 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын газдандыру жұмыстары қазіргі таңда 95 пайызға орындалған.

Кездесу барысында депутаттар атқарылып жатқан жұмыстардың аудан тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, жұмыстарды талаптарға сай жасауды және сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Сонымен қатар тапсырыс беруші мекеме басшыларына жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды, жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігі айтылып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан әрбір құрылыс немесе басқа да жұмыстарға жергілікті тұрғындар арасынан жұмыссыз мамандарды тарту жолын қарастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-syrdarya/press/news/details/982428?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version