Депутаттар Алтын қазық көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

23.04.2025 ж.

Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков, мәслихат депутаты Д.Кәкімжанов қаламыздағы Алтын қазық көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар көше бойындағы ескі тұрғын үйлерді жөндеу, шатырдың су ағатын жерлерін жабу, жолды асфальттау, уақытша төсем төсеу (мектепке өтетін жолға), қоқыс тастау мәселесін шешу, балалар алаңы және т.б. инфрақұрылым мәселесіне қатысты сауалдарын қойып, оған жауап берілді.

Тұрғындар тарапынан айтылған барлық сауал, ұсыныстар назарға алынды. Жиын соңында депутаттық корпус өкілдері ең басты түйткілдерді шешу жолдары қарастырылатынын, ал, жалпы тұрғын үйлерді жаңғырту арнайы жоспар бойынша жүзеге асатынын жеткізді.

Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге депутаттық сауалдар жолданатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/982578?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *