
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығын іске асыру аясында бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов Ағыбет ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Атап айтқанда, Ағыбет ауылындағы Талдыбұлақ көшесінде орналасқан, жөндеуді қажет ететін өткелдің жағдайы зерделенді. Сонымен қатар Алғабас ауылындағы балабақша ғимараты, кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының ахуалы қаралды.
Жұлдыз ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету және тас төсеу жұмыстарының қазіргі барысы назарға алынды. Аталған нысандардың техникалық және санитарлық жағдайына мән беріліп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс сапары аясында аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, олар көтерген өзекті мәселелерге құлақ асып, нақты жауаптар берді. Тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, жол жөндеу, әлеуметтік қолдау және ауыз су мәселелері көтерілді. Аталған ұсыныстар мен шағымдарды назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдарын айтып өтті.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/982278?lang=kk
Добавить комментарий