Күн тәртібінде:
- Алматы облысының Еңбек мобильді орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кеген ауданының Мансап орталығының аудан көлемінде халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайтуда, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы атқарылатын жұмыстары жайлы есебі.
- «Жылысай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылы атқаратын жұмыстары жайлы есебі;
- «Бөлексаз ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы ауылдық округ бойынша атқарған жұмыстары, бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы, 2025 жылы атқаратын жұмыстары жайлы есебі;
- Ауданның «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы есеп беру кезінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар бойынша атқарған жұмыстары жайлы есебі.
Бірінші мәселе бойынша: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:
Кеген ауданының Мансап орталығының директоры Елжас Асхат есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Кеген ауданының Мансап орталығының аудан көлемінде халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайтуда, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуда 2024 жылы атқарған, 2025 жылы атқарылатын жұмыстары жайлы есебі еске алынды.
- Отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескеру, сыннан қорытынды шығару, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы ауданда жұмыссыздықты азайтуға ықпал ету орталық директоры А.Елжасқа ұсынылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша:
Жылысай ауылдық округінің әкімі Нарынбаев Қайрат Ұлдаханұлы есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:. Жылысай ауылдық округінің әкімі Қ.Нарынбаевтың есебі еске алынды.
- Отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, мамандардың жауапкершілігін арттыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу ауылдық округ әкімі Қ.Нарынбаевқа ұсынылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша:
Бөлексаз ауылдық округінің әкімі Құныпияев Серік Тұрғанбайұлы емсеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бөлексаз ауылдық округінің әкімі әкімі С.Құныпияевтың есебі еске алынды.
- Отырыс барысында айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, ауылдық округтегі жұмыстарды жандандыру, жергілікті қоғамдастық жиналысымен тығыз жұмыс істеу ауылдық округ әкімі С.Құныпияевқа ұсынылды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша:
Ауданның «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы есеп берді.
Ауданның қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ауданның «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қалқаевтың есебі еске алынды.
- Алдағы уақытта бөлім жұмысын, аудан көлемінде идеологиялық жұмысты жандандыру, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеу, бөлінген бюджет қаржысын тиімді пайдалану мекеме басшысы Е.Қалқаевқа ұсынылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/982076?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ