ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ «КІТАПХАНА – БІЛІМІҢ КҮНШУАҒЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде белгіленді. Ұлттық кітап күніне орай қала мектептерінде бірқатар танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырыуда. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани даму мен сауаттылықты насихаттауға бағытталған ашық кітап көрмелері, ақын-жазушылармен кездесу кештері, кітап оқу сағаттары мен буккроссинг акциялары өткізілді. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде «Кітапхана – білімнің күншуағы» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Шараны Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің директоры Ақұштап Сүйінғалиева ашып, лицейде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша бекітілген әдебиеттерді насихаттауда, оқушылардың кітап оқу мәдениетін жасалып жатқан жұмыстар турал айтты.
Интеллектуалдық сайысқа мектептің 7 сынып оқушылары қатысып, әдебиет әлеміне саяхат жасап, өзара командалық сынға түсті. 7 «г» сыныбы атынан «Жалын» тобы, 7 «д» сыныбы атынан «Болашақ» тобы 3 кезең бойынша білгірліктерін көрсетуге тырысты. «Сұрақтар керуені» кезеңінде ашық сұрақтарға жауап берсе, «Озық ойлы» кезеңі бойынша ұсынылға үзінді арқылы шығарма атауы мен авторын тауып, оқушылар өз білім деңгейі мен көркем мәтінді терең түсіну қабілеттерін көрсетті. Ал үшінші «Кім екенін тап?» кезеңінде жергілікті ақын-жазушылардың портреттері ұсынылды.
Интеллектуалдық сайыс оқушылардың ойлау қабілетін, білім деңгейін, логикалық ойлау мен шапшаң жауап беру дағдыларын көрсетті. Шараны БҚО Білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Анаргүл Сағындықова қорытындылап, оқушыларға марапат табыстады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-oral/press/news/details/982149?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version