
Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні Қараой ауылында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округтің бас маманы Сұлтан Рүстемнің (ауылдық округ әкімінің іссапарда болуына байланысты) хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин, аудандық мәслихат депутаты Жангүл Изгарина қатысты.
Тұрғындардың тарапынан ауыл ішіндегі мал бағу, Ойыл-Қараой арасындағы жол мәселелері көтерілді. Барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң, “Amanat” партиясынан сайланған депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Ауыл үлкендері Сансызбай Жұмабаев ағай мен аудандық мәслихаттың IV-V шақырылым депутаты Зоя Бозшиева апайдың шаңырақтарына амандаса барып, қал-жағдайын сұрасты.
Сонымен қатар ауыл шетіндегі қоқыс полигонының, ауыл ішіндегі Жастар саябағы аумағында орналасқан шағын футбол алаңының және балалар ойын алаңының қазіргі жәй-күйін қарап, депутаттық бақылау жүргізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/982160?lang=kk
Добавить комментарий