ҚҰТТЫҚТАУ!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Кітап – білім мен тәрбие көзі.
Ол адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын арттырады. Кітап оқитын адам – үнемі ізденісте жүретін, жаңалыққа құмар жан.

Кітап – рухани байлық.
Кітап адам жанын тәрбиелеп, ішкі мәдениетін дамытады. Ол арқылы адам өткен тарихпен танысып, болашаққа бағыт алады.

Асыл мұра – қазақтың кітапқа деген құрметі.
Ата-бабаларымыз ауыз әдебиеті арқылы даналықты ұрпаққа жеткізсе, бүгінде сол мұраларымыз кітап түрінде сақталып, болашаққа мирас болып отыр.

Кітап оқу – тұлғаның дамуына ықпал етеді.
Жақсы кітап – жан серігі. Ол адамды сабырлы, ойлы, ізетті болуға тәрбиелейді.

Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді бүгінгі “Кітап күнімен” шын жүректен құттықтаймын!
Осынау мереке күні баршаңызды жаппай кітап оқуға, болашақ ұрпақтың озық ойлы болуына, елдің ұлт болып қалыптасуына үлес қосуға шақырамын.
Игі тілекпен: Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/982282?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version