Жасыл ЕЛ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жезқазған қаласында «Жасыл ел – 2025» жастар еңбек жасақтарының қатарына қабылдау басталды!

 

Жасақтардың қатарына 14 пен 34 жас аралығындағы қала тұрғындары қосыла алады. Әлеуметтік жағынан осал топтағы жастарға басымдық беріледі.

 

Жас азаматтар қала мен жағалауды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, «Жасыл ел» аясында түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.

 

Еңбек маусымына қатысу үшін қалалық Жастар ресурстық орталығына жүгіну шарт. Қажетті құжаттар жиналған пакетті тапсыра отырып, тіркелуге арналған форманы толтыру керек.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш.
  • Өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі. Кәмелетке толмағандарға ата-анасының немесе заңды қамқоршысының жазбаша рұқсаты қажет.
  • ЖОО немесе колледж студенттері оқу орнынан берілетін анықтаманы тапсырады.
  • Терапевтен денсаулық жағдайы туралы анықтаманы алу қажет (мекен-жайыңыз бойынша тіркелген емханадан).
  • Жеке банк шотының бар екенін растайтын анықтама.
  • Әлеуметтік жағынан осал топқа жататынын растайтын құжат (бар болған жағдайда).

 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ай сайынғы негізде жұмыс істейді. Әрбір қатысушы бір айдан артық жұмыс істей алмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 – 30 сәуір аралығы. Мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы 6/1 (пирамида) Сағат 11.00 -17.00.

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірге хабарласыңыздар: 8 705 747 43 55 (WhatsApp)

 

Ескерту!!!

  • Орын саны шектеулі болғандықтан, 2023-2024 жылдары қатысқан жастар резервтік топқа енгізіледі!!!

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhezkazgan/press/news/details/970772?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *