Жүлделі жетістік!

Опубликовано:

Автор:

в категории

🔰14-18 сәуір аралығында Қызылорда қаласында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті. Оған ауданымыздың оқушысы қатысып, жүлделі орынға ие болды.🥉ІІІ дәрежелі диплом және қола медальмен Ақсай қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Золотарь Анастасия марапатталды. Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысты. Жетекшісі—Проскрякова Наталья Николаевна.
🔰Олимпиада жеңімпаздарын облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин іссапар аясында арнайы құттықтап, білімге деген ынталарын жоғары бағалады. Және әр оқушыға Дарын РҒПО сертификаттары табысталды.
Құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/979202?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *