
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық СЭБ басқармасы қызметкерлері арасында құқықтық семинар өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында мамандардың құқықтық білімін көтеру үшін заң талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша түсіндірмелер беріліп, әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибе сұрақтары, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды тіркеу бірыңғай автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау тәртібі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптары және тіркеу жүргізу туралы мәселелер қарастырылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/980834?lang=kk

Добавить комментарий