СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қатамасыз ету комитеті аумақтық департаменттердің басшыларына семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар-тренингке Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Ғалия Дәулетова қатысты.

Семинар барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Мелдебекова Мемлекет басшысы мен Оқу–ағарту министрі тапсырмаларының негізгі бағыттарын іске асыру барысын,оның ішінде «Ауылдық 1000 мектепті жаңғырту», «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы», «Жайлы мектеп», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, «Мақсатты мектептер», Қазақстанның еңбек сіңірген педагогтерін қолдауды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында қатысушы Департамент басшылары
практикум форматында командалық жұмыстарды орындау арқылы  білім беру саласындағы нақты проблемалық мәселелер мен кейстерге талдау жасай отырып, мәселені шешудің оңтайлы әдістерімен бөлісті.

Департамент басшыларының көшбасшылық қасиеттері мен кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында психологиялық тренинг өткізілді

Семинар қорытындысы бойынша Комитет проблемалық мәселелерді шешуде аумақтық Департаменттер қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін іс-қимыл жоспарын ұсынды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/977429?lang=kk