
Семейде өткен жалпықалалық сенбілік – нағыз ұйымшылдық пен тазалықтың жарқын көрінісіне айналды. Қала тұрғындары қоршаған ортаны таза ұстау – әркімнің ортақ міндеті екенін тағы бір дәлелдеді.
Тазалық шарасына 5000-нан астам адам қатысып, қаланың әр түкпірінде белсенді еңбек етті. Сенбілікке 91 мекеме мен ұйым, 2000-ға жуық кәсіпкерлік және бизнес нысандары, сондай-ақ 95 әлеуметтік мекеме атсалысты. Сонымен қатар, 6217 аула тазартылып, 1200 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды.
Қаладағы 15 саябақ пен қоғамдық кеңістіктер тазартылып, ағаштар әктеліп, күл-қоқыстан аршылды. Көше бойларына арнайы баннерлер орнатылып, сенбілік шеруін ән мен музыка сүйемелдеді – бұл шараны ерекше көңіл күймен өткізуге сеп болды.
Сенбілік – тек тазалық қана емес, қаламызға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің белгісі!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/975419?lang=kk

Добавить комментарий