30 наурыз Алмалы ауылдық округі Абай ауылында наурыз мейрамы аталып өтті. Бұл мерекеміз Ораза айтымызбен тұспа-тұс келді. Мерекені ауыл әкімі Доланбаев Б.С ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдіріп құттықтау сөзбен ашты. Мерекені ауыл ақсақалдары бата беріп, түрлі спорт ойындары және ат жарыстары ұйымдастырылып, марапатталды. Мерекелік концертте Алмалы ауылдық мәдениет үйінің жанынан құралған ” Аяулы асыл әжелер” ансамбльінің өнер көрсетті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/967011?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ