
Қайрат П. пен Алашбаева Г. әрекеттері сарапталып, олар алаяқтықтың аса ірі көлемде жасалуына және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға күдікті деп танылды
Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Оның айтуынша, бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.
П. Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Г. Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
Айта кетейік, 2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында П.Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жиналып жымқырылғаны анықталды.
Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.
Нәтижесінде миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсаттарына жұмсалған.Осы соманың 72 млн теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу» деген сылтаумен аударылып, кейін ол П.Қайрат арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылды.
Ақшаның бір бөлігіне сомасы 6,9 млн теңге құраған «Rolex» сағатын сатып алуға жұмсалған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылдың қаңтарында П.Қайрат «Rebel flowers» ЖШС-ін сатып алуға жұмсалған. Оның құны 23 млн теңге болса да, ол келісім-шартта күдік туғызбау үшін 2 млн теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен.
Гүл бизнесінен түскен табысы 69 млн теңгені құрады.
Тергеу деректеріне сай, ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған.
Сондай-ақ, жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді.
Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.
Г.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
14 марта т.г. деяния Кайрат П. и Алашбаевой Г. квалифицированы: им инкриминируются мошенничество в особо крупном размере и легализация денег, полученных преступным путем
Перизат Кайрат в период с 2021 по 2024 гг. неоднократно призывала общественность к сбору денег под предлогом оказания благотворительной помощи нуждающимся детям, жертвам в Палестине и пострадавшим при паводках.
Общая сумма похищенных средств составила 3,5 млрд тенге.
Поступавшие в ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» денежные средства Кайрат П. переводила на свои личные счета и ее матери Алашбаевой Г.
В дальнейшем она их тратила на украшения, одежду, мебель, путешествия, оплачивала услуги ремонта, аренды автомашины и прочее.
В частности, в период с 1 апреля по 15 ноября 2024 года Кайрат П. под видом оказания помощи пострадавшим во время паводков привлекла на счета ОО «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» 2,8 млрд тенге, которые впоследствии похитила.
В целях отмывания преступных доходов она заключила с 16 подконтрольными ИП фиктивные договора о поставке металлических юрт, лодок, сапог и других товаров для нужд пострадавших без фактического их выполнения.
В результате свыше миллиарда тенге обналичены и потрачены на личные нужды.
Из указанной суммы 72 млн тенге переведены на счет ее матери ИП «Алашбаева Г.» якобы за приобретение бытовой техники для пострадавших жителей СКО, которые Кайрат П. обналичила и часть потратила на покупку часов «Rolex» за 6,9 млн тенге.
В январе 2024 года Кайрат П. часть собранных средств для помощи пострадавшим в Палестине потратила на приобретение ТОО «Rebel flowers» за 23 млн тенге, однако в договоре с целью отвода подозрений в хищении указала заниженную стоимость в 2 млн тенге.
Ее доход от цветочного бизнеса составил 69 млн тенге.
Кроме того, в целом на похищенные деньги она приобрела 4 автомашины, 4 квартиры, 2 парковочных места, дом, земельный участок и строение.
Изъяты украшения, обувь и сумки общей стоимостью 158 млн тенге.
На все имущество, добытое преступным путем, стоимостью 865 млн тенге наложен арест.
В отношении Алашбаевой Г. избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/976376?lang=kk

Добавить комментарий