
Абай облысында «PISA-2025» халықаралық зерттеуі өтеді.
Абай облысында 2025 жылғы 1 сәуір мен 2 мамыр аралығында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын «PISA-2025» халықаралық зерттеуі өткізіледі. Бұл зерттеу оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану салаларындағы функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталған.
Семей қаласы бойынша 11 білім беру мекемесі іріктеліп алынған. Бекітілген кестеге сәйкес, Семей қаласы мектептерінде зерттеу 1-10 сәуір аралығында жүргізіледі. Қала мектептерінен 408 оқушы /255 оқушы қазақ тілінде, 153 оқушы орыс тілінде/ халықаралық бағалауға қатысады.
Зерттеу аясында қатысушылардың білімді өмірлік жағдайларда қолдана білу деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттері сыналады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/965728?lang=kk

Добавить комментарий