ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

✔️Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Кешенді жарыс 24 ақпан мен 1 қазан аралығында спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.

✔️Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.

✔️Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұндай жарыстар жас спортшылар үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

📌– Баршаңызды киелі Түркістан топырағында көргеніме қуаныштымын! Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарына қош келдіңіздер! Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы спорт саласының дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде отандық спорттың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Ал Жастар спорт ойындары сияқты кешенді іс-шаралар отандық спортты жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. Сондай-ақ жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Биылғы бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан ең үздік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін, – деді Туризм және спорт министрі.

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

📌– Тарихи шаһарға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін Түркістан қаласында VІ Жастар ойындары басталды. Бұл – ел болашағы саналатын жастарымыздың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондар тәрбиелейтін маңызды жарыс. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам жас спортшы қатысуда. Ал Түркістан облысынан спорттың 34 түрінен 300-ден астам спортшы қатысады. Мұндай ірі іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Себебі аймақта спорт инфрақұрылымы жақсы дамып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталды. 2025 жылы заманауи үлгідегі 51 спорттық нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде атшабар мен ескек есу каналы бар. Сіздер спорт сайыстарында облыс қана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғайсыздар. Бұл жарыс арқылы үлкен белестерге қадам жасайсыздар. Араларыңыздан Әлем, Олимпиада чемпиондары шыға берсін! Баршаңызға әділ бәсеке, сәттілік және жарқын жеңістер тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

✔️VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.

✔️Айта кетейік, биылғы Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық құрама команданы жасақтау және халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2025 жылы Бахрейнде өтетін жастар арасындағы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында өткізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

____

В ТУРКЕСТАНЕ К 80-ЛЕТИЮ ПОБЕДЫ СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОТКРЫТИЯ VI МОЛОДЕЖНЫХ СПОРТИВНЫХ ИГР

✔️В городе Туркестан состоялась официальная церемония открытия VI Молодежных спортивных игр Республики Казахстан. В этом году игры проходят в преддверии 80-летия Победы. Комплексные соревнования проводятся с 24 февраля по 1 октября по 34 видам спорта. В соревнованиях примут участие более 2000 спортсменов.

✔️В церемонии открытия стадиона «Туркестан Арена» в городе Туркестан приняли участие министр туризма и спорта Республики Казахстан Ербол Мырзабосынов, аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, руководители управлений физической культуры и спорта городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей, а также почетные специалисты в области спорта.

✔️Выступая на церемонии открытия, Ербол Мырзабосынов отметил, что такие соревнования имеют особое значение для юных спортсменов.

📌- Рад видеть вас всех на священной Туркестанской земле! Добро пожаловать на VI молодежные спортивные игры Республики Казахстан! В этом году игры проходят в преддверии 80-летия Победы. Наши предки проявили доблесть в жестокой войне и подарили нам мирное небо. Нельзя забывать о подвигах и заслугах героев. Как вы знаете, Глава государства уделяет особое внимание развитию спортивной сферы. В результате уровень отечественного спорта растет с каждым годом. Наши спортсмены добиваются ярких успехов на международных соревнованиях и славят страну. А такие комплексные мероприятия, как молодежные спортивные игры, дадут толчок к выведению отечественного спорта на новый уровень. Они также обучают молодое поколение вести здоровый образ жизни. Я уверен, что в этом году на педьестале будут стоять лучшие спортсмены, – сказал министр туризма и спорта.

✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров отметил, что в регионе динамично развивается спортивная отрасль.

📌- Добро пожаловать в исторический город! Глава государства Касым-Жомарт Кемелович поручил всестороннее развитие спорта. Сегодня в Туркестане стартовали VІ молодежные игры. Это важное соревнование, которое оттачивает мастерство нашей молодежи, которая является будущим страны и воспитывает новых чемпионов. В этом году в соревнованиях принимают участие более 2 тысяч юных спортсменов со всех регионов страны. В Туркестанской области примут участие более 300 спортсменов по 34 видам спорта. Проведение такого крупного мероприятия в Туркестане вполне закономерно. Потому что в регионе хорошо развивается спортивная инфраструктура. В целях развития массового спорта в 2024 году завершено строительство 73 спортивных объектов. В 2025 году будет введен в эксплуатацию 51 спортивный объект современного типа. В их числе есть гребной канал и ипподром. Вы защищаете честь не только области, но и всей страны на спортивных соревнованиях. Через эту гонку вы сделаете шаг к большим вехам. Пусть из вас выйдут чемпионы мира, олимпийские чемпионы! Желаю всем честной конкуренции, успехов и ярких побед! – сказал Нуралхан Кушеров.

✔️VI молодежные спортивные игры пройдут во всех регионах страны. В том числе в Туркестане будут организованы соревнования по баскетболу, гребле на байдарках и каноэ.
Стоит отметить, что VI молодежные спортивные игры Республики Казахстан в этом году проводятся в рамках реализации Концепции развития физической культуры и спорта РК на 2023-2029 годы, формирования национальной сборной команды и подготовки к международным соревнованиям, в том числе летним Азиатским играм среди молодежи, которые пройдут в Бахрейне в 2025 году.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/975925?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version