ТҮРКІСТАН: ӘРІПТЕСТІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
✔️Түркістанда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті. Жаңадан жасақталған комиссияның мәжілісіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
✔️Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева аталған комиссияның жұмыс жоспары турлы баяндады. Оның айтуынша, биыл комиссияның жаңа құрамы бекітілген. Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Түркістан облысының кәсіби одақтар орталығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған келісім 8 тармақтан тұрады. Ол тармақтарда жұмысшылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасау, инклюзивті еңбек нарығын құру, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру, жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуын болдырмау шараларын қабылдау, жұмысшы мамандықтарын насихттау, қажеттілікті айқындау шаралары бар. Сонымен бірге еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау, еңбек дауларын реттеу және өзге де бастамалар енгізілген.
✔️Облыс әкімінің орынбасары комиссияның жұмысын жандандырып, сапалы жұмыс атқаруды тапсырды.
📌– Жауапты басқармадан арнайы өкіл бекітіліп, комиссия жұмысы жандануы тиіс. Еңбек дауларының алдын алу, жұмысшылардың құқығын қорғау, осы саладағы тәрпітті сақтау бағытында іс атқарыңыздар, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
✔️Мәжілісте «Қыран» футбол клубының жалақы қарызына қатысты мәселе талқыланып, жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Әліш, «Қыран футбол клубы» мемлекеттік қоммуналдық қазынашылық клубының директоры Нұрлан Орынбаев өз уәждері мен ұсыныстарын айтты. Жауапты басқарма өкілдерінің ұстанымдары да тыңдалды.
✔️Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Өмірәлі Бердіғалиұлы ой қозғады. Ол өндірістегі (кәсіпорындардағы) еңбек қауіпсіздігі мен жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы баяндап, осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
✔️Жиын қорытындысы бойынша жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. Өңірдегі жұмысшылардың жағдайы мен құқығының қорғалуы комиссияның қадағалауында болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————————
ТУРКЕСТАН: НА ЗАСЕДАНИИ КОМИССИИ ПО ПАРТНЕРСТВУ И РЕГУЛИРОВАНИЮ СОЦИАЛЬНЫХ И ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ ОБСУЖДЕНЫ ВАЖНЫЕ ВОПРОСЫ
✔️ В Туркестане прошло заседание областной трёхсторонней комиссии по социальному партнёрству и регулированию социальных и трудовых отношений. Заседание новой комиссии провёл заместитель акима Туркестанской области Бейсенбай Тажибаев. В повестке дня было рассмотрено три вопроса.
✔️ Руководитель областного управления координации занятости и социальных программ Асия Темирбаева представила план работы комиссии. По её словам, в этом году утверждён новый состав комиссии. Соглашение между акиматом Туркестанской области, объединениями (ассоциациями, союзами) работодателей и Центром профессиональных союзов области на 2024–2026 годы включает 8 пунктов. В этих пунктах отражены меры по защите прав работников, развитию предпринимательства, созданию условий для открытия рабочих мест, формированию инклюзивного рынка труда, повышению мобильности рабочей силы, предотвращению массовых увольнений, популяризации рабочих профессий и выявлению потребностей. Также предусмотрены меры по обеспечению охраны труда, социальной поддержке работников, урегулированию трудовых споров и другие инициативы.
✔️ Заместитель акима области поручил активизировать работу комиссии и обеспечить качественную реализацию поставленных задач.
📌– Необходимо закрепить ответственного представителя от профильного управления, активизировать работу комиссии. Работайте над профилактикой трудовых споров, защитой прав работников и соблюдением порядка в этой сфере, – подчеркнул Бейсенбай Тажибаев.
✔️ В ходе заседания также была рассмотрена проблема задолженности по зарплате в футбольном клубе «Кыран». С докладами выступили начальник департамента Комитета государственной инспекции труда РК по Туркестанской области Амангельды Алиш и директор коммунального казённого учреждения «Футбольный клуб Кыран» Нурлан Орынбаев. Были выслушаны и позиции других ответственных структур.
✔️ По третьему вопросу повестки председатель Туркестанского областного профсоюзного центра Омирали Бердигалиулы затронул тему безопасности труда на предприятиях и профилактики несчастных случаев. Он призвал к совместной работе в этом направлении.
✔️ По итогам заседания ответственным лицам даны соответствующие поручения. Комиссия продолжит контролировать условия труда и защиту прав работников в регионе.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/978318?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ