ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЧЕМПИОН БОЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ағымдағы жыл сәуір айының 7-9 күндері Қарағанды қаласында грек-рим күресінен U15 кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста жерлесіміз Пахитжан Нұрислам 38 салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей ҚР чемпионы атанған болатын.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданымыздың абыройын ел чемпионатында асқақтатқан Пахитжан Нұрислам мен жаттықтырушысы Жандос Жұмәліні жеке қабылдап, өз атынан Алғыс хат пен сый-сияпат тапсырды.
– Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағынлырып, Әлем және Олимпиада чемпионы бола беріңіздер. Жалпы үлкен нәтижелер спортшы мен жаттықтырушының қажырлы еңбегінің арқасында келеді. Дәл осы қарқыннан таймай биік белестерді бағындыра беретіндеріңізге сенім білдіремін. – деген аудан басшысы Нұрисламды алдағы уақытта Қырғызстан елінде өтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуін тілектестік білдірді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/976546?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *