
Бүгін Қосшы қаласының ардагерлер орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай “АМАNАТ” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасының шеңберінде ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті.
Аталған іс-шараға Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Төребаев, партия филиалының атқарушы хатшысы Р.Сейдахметов, қала мәслихатының депутаты Д.Кәкімжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Абақов, кеңестің орынбасары Ә.Айнабаев және белсенді ардагерлеріміз қатысты.
Іс-шара партия өкілдерінің қариялармен кездесу өткізуінен басталды. Аға буын өкілдері қаламызды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұсыныс, пікірлерін айтып партияның қызметіне табыс тіледі.
Одан кейін шахмат үстеліне отырған ардагерлер өзара сайыстың көрігін қыздырды. Турнир соңында жеңімпаз атанған және белсенді қатысқан ардагерлер арнайы дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/977731?lang=kk

Добавить комментарий